5Qbe ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ШАРТТТАРЫ

5Qbe веб-сайтына («веб-сайт» немесе «Платформа») хош келдіңіз. Платформа арқылы сіз әртүрлі ресурстар мен контентке қол жеткізе аласыз, оның ішінде (a) «бағдарламалық жасақтама қызмет ретін» қосымшалар мен ұсыныстары; (b) веб-беттер, деректер, хабарламалар, мәтіндер, суреттер, фотографиялар, графика, аудио және видео баспасөз-релиздері, ресми құжаттар сияқты құжаттар, өнімдер туралы ақпарат пен техникалық сипаттама; (с) веб-формалар, чат аймақтары, хабарландыру тақтасы (жоғарыда айтылғанның бәрі бірге «Контент» деп аталады); (d) білім беру курстары және ақпаратты жүктеуге, жүктеп алуға, бөлісуге, электрондық пошта арқылы жіберуге, жариялауға, беріп жіберуге немесе басқа жолмен қол жеткізуге немесе қол жетімді етуге болатын басқа функциялар мен қызметтер. Осы Пайдалану шарттары 5Qbe.kz домендік атаумен осы веб-сайттың барлық мазмұнына және кез-келген хат-хабарларға, оның ішінде электрондық пошта арқылы, чатта, веб-форма арқылы немесе біз бен сіз арасындағы басқа жолмен хабарласқан хат-хабарға таралады. Осы веб-сайтты пайдаланбас бұрын осы шарттарды мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз. Осы Пайдалану шарттары Сіз бен («Сіз» немесе «Сіздікі) DAR Tech ЖШС («Біз» немесе «5Qbe») арасындағы заңгерлік келісім болып табылады. Бұл веб-сайтты пайдалану бізден қандай да бір Контент сатып алатыналмайтыныңызға қарамастан осы шарттарды қабылдағаныңызды білдіреді. Егер бұл шарттарды қабылдамасаңыз, онда бұл веб-сайтты пайдаланбаңыз. Бұл веб-сайт пен оның мазмұны, басқалардан өзге, бүкіл мәтін мен суреттер DAR Tech компаниясы мен оның лицензиарларына тиесілі және авторлық құқықпен қорғалған.

Сіз осы веб-сайттың көптеген аймақтарына бізде өз деректеріңізді тіркемей-ақ кіре аласыз. Осы Веб-сайттың кез келген бөлігіне қол жеткізе отырып, сіз осы Пайдалану шарттарында, сонымен қатар біздің Құпиялылық саясатымызда мазмұндалғандай, Веб-сайтқа кіруге және оны пайдалануға қатысты ережелер мен шарттарды сақтауға және орындауға келісесіз. 5Qbe Пайдалану шарттары мен Құпиялылық саясатты кез келген уақытта алдын-ала хабарлаусыз қайта қарай алады. Қайта қаралған Пайдалану шарттары мен Құпиялылық саясат жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМІ

Интернет желісінде https://5qbe.kz/ желілік мекен-жайы бойынша тұрақты орналастырылған осы Пайдаланушы келісімінің мәтіні келісімнің барлық маңызды шарттарын қамтиды және DAR Tech ЖШС-нің https://5qbe.kz/ Интернет желісінде веб-сайтты пайдаланатын үшінші тұлғамен келісім мәтінінде көрсетілген шарттармен келісім жасауға ұсынысы болып табылады. Осылайша, осы Пайдаланушы келісімінің мәтіні Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес жария оферта болып табылады. Осы жария офертаның тиісті акцепті Сіздің келесі әрекеттерді ретімен жүзеге асыруыңыз деп саналады: пайдаланушы келісімінің шарттарымен және оның барлық қосымшаларымен танысу; тегімен, атымен, қажет болған жағдайда әкесінің атымен, бірегей логинімен (электрондық пошта мекен-жайы) және байланыс телефонымен қоса шынайы және өзекті мәліметтерді https://5qbe.kz/auth желілік мекен-жайы бойынша Интернет желісінде «Тіркеу» қыстырмасында орналасқан тіркеу формасына енгізу; толтырылған тіркеу формасында «Тіркелу» түймесін басу; Пайдаланушының жеке кабинетіне көшкен сәттен бастап Платформада тіркелу аяқталды деп саналады. Ал осы пайдаланушы келісімінің шарттары – тіркелген тұлға үшін міндетті болып саналады.

Егер сіз пайдаланушы келісімінің шарттарына келіспесеңіз https://5qbe.kz/ Платформасына тіркелмеңйзі және оның сервистерін пайдаланбаңыз.

DAR Tech ЖШС мен https://5qbe.kz/auth желілік мекен-жайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған офертаны Сіздің акцептеуіңіз қосылу жолымен, яғни Сіздің Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабының тәртібінде төмендегілер туралы осы пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдауыңыз арқылы жасалды.

  1. Терминдер мен анықтамалар
    1. Осы Пайдаланушы келісімінде, егер мәтіннен тікелей өзгеше туындамаса, келесі терминдердің төменде көрсетілген мәндерге ие болады:

      Әкімші - DAR Tech ЖШС, БСН 180640002352, мекен-жайы: Қазақтан Республикасы, Алматы қаласы, Көктем-2 ықшам ауданы, 22 үй Платформа иесі мен операторы болып табылушы

      5Qbe Платформасы (Платформа) - «5Qbe» ЭЕМ-на арналған бағдарлама, ол деректер мен командалар жиынтығы түрінде объективті түрде ұсынылған және оған бастапқы мәтін, деректер базасы, аудиовизуалды туындылар, зияткерлік меншіктің заңмен қорғалатын өзге объектілері, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі барлық құжаттама кіреді. Платформа Интернет желісінде https://5qbe.kz/ мекен-жайы бойынша орналасқан.

      Түпкі тұтынушы 18 жасқа жеткен Кәмелетке толған пайдаланушы немесе Пайдаланушы ретінде тіркелген өзінің ата-анасының немесе заңды өкілінің рұқсатымен Жеке кабинетті пайдаланатын кәмелетке толмаған пайдаланушы.

      Білім беру курстары немесе Курс белгілі бір білім, машықтар мен дағдыларды меңгеру үшін, платформада қамтылған, Пайдаланушыға немесе Түпкі тұтынушыға арналған белгілі бір деңгейдегі белгілі бір пәндер бойынша онлайн және/немесе офлайн білім беру бағдарламасының курстары.

      Модуль ортақ тақырыппен біріктірілген сабақтар (лекциялар, вебинарлар және т.б.) блогынан тұратын Курстың құрамдас бөлігі.

      Жеке кабинет аутентификация деректерін енгізу арқылы қол жеткізілетін 5Qbe Платформасының дербестендірілген бөлімі: логин (пайдаланушы аты) және пароль (кіру коды). Жеке кабинетке кіру Платформада тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.

      Пайдаланушы - https://5qbe.kz/ мекен-жайы бойынша Интернет желісінде орналасқан офертаны акцептеу жолымен Әкімшімен келісім жасасқан, білім беру курсына қол жеткізуге мүдделі тұлға. Пайдаланушы Платформаның функционалын қолдану көмегімен осындай курсқа қол жеткізуге тапсырысты ресімдеуге және төлеуге құқылы.

      Шот Курс құны, қажет болса төлем жасау тәртібін анықтайтын шот, шот-фактура, басқа ұқсас құжат

      Төлемді бөліп төлеу - Тараптар келіскен төлем әдісі, онда Курсты төлеу Шотта көрсетілген Төлемдер кестесіне сәйкес жүргізіледі.

      Келісім - Осы пайдаланушы келісімі

      Тараптар - Әкімші мен Пайдаланушы.

    2. Келісім мәтінінде кездесетін барлық қалған терминдер мен анықтамаларды Тараптар заңнама мен Интернет желісінде қалыптасқан тиісті терминдерді түсіндірудің әдеттегі ережелеріне сәйкес түсіндіреді.
    3. Келісім тақырыптарының (баптарының) атаулары тек қана Келісім мәтінін пайдаланудың ыңғайлылығына арналған және олардың сөзбе-сөз заңды мәні жоқ.
  2. . Келісімнің мәні
    1. Әкімші Пайдаланушыға Платформаға, Контентке және Білім беру курстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Пайдаланушы Платформаны, Контентті және Білім беру курстарын Келісім шарттарына сәйкес пайдалануға, сондай-ақ ақылы Білім беру курстарына қол жеткізу ақысын төлеуге міндеттенеді
  3. Тіркелу тәртібі
    1. Әкімші Пайдаланушыға Білім беру курстары туралы ақпаратқа, контентке қол жеткізу мүмкіндігін Пайдаланушы Платформада тіркелгенге дейін береді. Тіркелгеннен және төленгеннен кейін Пайдаланушыға Платформа интерфейсі арқылы ақылы Курсқа және/немесе контентке кіру мүмкіндігі беріледі.
    2. Тіркеу аяқталғаннан кейін Пайдаланушыға есептік деректер – электрондық пошта мекенжайы және пароль бойынша жеке кабинетке кіру мүмкіндігі беріледі.
    3. Пайдаланушыға Түпкі тұтынушыларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың алдында парольдің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Құпия сөз жоғалған немесе бұзылған жағдайда, сондай-ақ үшінші тұлғалар Жеке кабинетке кіруді заңсыз иемденген жағдайда Пайдаланушы бұл туралы Әкімшіге info@5qbe.kz. электрондық пошта мекен-жайына дереу хабарлауға міндетті. Мұндай хабарлама түскен сәтке дейін Пайдаланушының Жеке кабинетін пайдалана отырып жасалған барлық іс-әрекеттер Пайдаланушының өзі жасаған болып саналады.
  4. Платформаны пайдалану тәртіб
    1. Сәтті тіркеу рәсімінен кейін Пайдаланушы сатып алынған ақылы Курстарды, контентті қосу мүмкіндігімен Жеке кабинетке кіре алады.
    2. Қосылған ақылы Білім беру курстары Пайдаланушының жеке кабинетінде Әкімші анықтаған мерзім ішінде қол жетімді.
    3. 3. Әкімші кез-келген уақытта өз қалауы бойынша Білім беру курстарының мазмұнын өзгерте алады. Бұл ретте, Әкімші мұндай өзгерістер Білім беру курстарының сапасының нашарлауына әкелмейтініне кепілдік береді. Мұндай өзгерістер туралы ақпарат тікелей Платформада осындай өзгерістер болған Білім беру курсын жүзеге асыру басталғанға дейін жарияланады.
    4. Пайдаланушы Платформа мен Жеке кабинетті адал, заңдарды, үшінші тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, мораль мен адамгершілік нормаларын бұзбай пайдалануға міндетті. Қажет болған жағдайда Пайдаланушының платформаның Түпкі тұтынушыларының заңнаманы, мораль мен адамгершілік нормаларын сақтауын қамтамасыз етуі тиіс.
  5. Зияткерлік меншік және Платформаны пайдаланғандағы шектеулер
    1. Платформада Әкімшіге, оның үлестес тұлғаларына және басқа да байланысты тараптарға, демеушілерге, серіктестерге, өкілдерге, Әкімшінің атынан әрекет ететін барлық басқа тұлғаларға және басқа үшінші тұлғаларға тиесілі зияткерлік қызмет нәтижелері бар.
    2. Платформаны пайдалана отырып, Пайдаланушы Платформаның бүкіл мазмұны мен Платформа мазмұнының құрылымы авторлық құқықпен, тауар белгісіне құқықпен және зияткерлік қызмет нәтижелеріне басқа да құқықтармен қорғалғанын және аталған құқықтар жарамды және барлық нысандарда, барлық тасымалдаушыларда және қазіргі кезде қолданыстағы және кейіннен әзірленетін немесе жасалатын барлық технологияларға қатысты қорғалатынын мойындайды және оған келіседі. Платформаның кез келген мазмұнына, оның ішінде аудиовизуалды туындыларға, суреттерге, оқу және әдістемелік материалдарға, сауда белгілеріне берілген ешқандай құқық Платформаны пайдалану және Келісім жасау нәтижесінде Пайдаланушыға көшпейді.
    3. Жоғарыда айтылған ережелердің әмбебап сипатына нұқсан келтірместен, Пайдаланушы Платформада зияткерлік қызметтің нәтижелері, қорғалатын құқықтар және үшінші тұлғалардың басқа материалдары бар екенін және мұндай құқықтар тиісті иелеріне, соның ішінде Әкімшіге тиесілі екенін мойындайды. Пайдаланушыға платформада қамтылған айрықша және жеке мүліктік емес құқықтардың объектілерін көшіруге, түрлендіруге, өзгертуге, жоюға, толықтыруға, жариялауға, беруге, туынды жұмыстар жасауға, олардың негізінде өнімдер жасауға немесе сатуға, осындай құқықтарды олардың иелерінің тікелей рұқсатынсыз жаңғыртуға, бейнелеуге немесе кез келген басқа жолмен қолдануға немесе пайдалануға тыйым салынады.
    4. Күмән туындамас үшін Пайдаланушыға тыйым салынады:
      1. Платформада алған әлдеқандай ақпаратты Платформада мұндай мұндай функция тікелей көзделгеннен өзге жағдайда көшіруге және/немесе таратуға;
      2. Платформада алынған ақпаратты коммерциялық қызметті жүзеге асыру, пайда табу үшін пайдалануға немесе заңға қарама-қайшы тәсілмен пайдалануға;
      3. Платформаның бағдарламалық бөлігін көшіруге немесе басқа жолмен, сонымен қатар оның дизайнін пайдалануға;
      4. Платформада үшінші тұлғалардың дербес деректерін, олардың келісімінсіз, оның ішінде үй мекен-жайларын, телефондарын, паспорт деректерін, электрондық пошта мекен-жайларын орналастыруға;
      5. Платформада коммерциялық жарнаманы, коммерциялық ұсыныстарды, үгіт ақпаратын немесе кез келген күштеп таңылатын ақпаратты орналастыруға;
      6. Платформаның бағдарламалық бөлігін қандай да бір жолмен өзгертуге, Платформаның жұмысы мен жұмыс қабілеттілігін өзгертуге бағытталған әрекеттерді жасауға;
      7. Платформаның басқа пайдаланушларының, үшінші тұлғалардың, сонымен қатар тұлғалар тобының құқықтары мен еркіндіктерін қорламауға және ешқандай жолмен бұзбауға.
    5. Платформа материалдарынан, контентпен қоса дәйексөз келтіргенде Пайдаланушы Платформаға сілтеме жасауға міндеттенеді.
  6. Құны мен төлем тәртібі
    1. Әкімші Білім беру курсының және/немесе контенттің құнын Платформа интерфейсінде және/немесе Білім беру курсының және/немесе контенттің төлем бетінде мұндай құнды ұлттық валюта теңгемен жариялау жолымен белгілейді.
    2. Курстың және/немесе контенттің құны Әкімшінің шешімі бойынша өзгеруі мүмкін, бұл жағдайда мұндай бағаның өзгеруі мұндай курстарды және/немесе контентті бұрынғы бағамен толық көлемде төлеген Пайдаланушылар үшін Курстың және/немесе контенттің бағасына әсер етпейді. Құнның өзгергені туралы Әкімші Пайдаланушыларға Платформада құнды көрсету арқылы хабарлайды.
    3. Курсты сатып алу Курстың толық құнын бір мәрте төлеу арқылы да, төлемді бөліп төлеу арқылы да жүзеге асырылады.
    4. Курс Модульдерден тұрады. Егер онлайн-қолжетімділікті кезең-кезеңмен ұсыну автоматты түрде көзделсе және / немесе Пайдаланушы бөліп төлеуді ресімдеген болса, әрбір Модульге қол жеткізу кезең-кезеңмен беріледі – мұндай жағдайда Курстың (Модульдің) құрамдас бөліктеріне онлайн-қол жеткізу төленген құнға пропорционалды беріледі.
    5. Төлем халықаралық төлем жүйелерінің кредиттік немесе дебеттік карталарымен төлеуге мүмкіндік беретін электрондық төлем жүйесінің провайдерлері көмегімен іске асырылады;
    6. Пайдаланушы төлем бойынша міндеттемелерді орындады деп есептеледі, жүйеде төлемді авторландыру оң нәтиже берген жағдайда. Төлем жасаудың дәлелі қызметін төлем жүйесінің жасалған төлем туралы ақпараты атқарады.
    7. Әкімші төлем жүйелерінің аппараттық-бағдарламалық кешенін бақыламайды және осындай аппараттық-техникалық кешендегі қателер үшін жауап бермейді. Егер мұндай қателер нәтижесінде Пайдаланушының ақшалай қаражаты есептен шығарылса, бірақ төлемді жүйе авторландырмаса, Пайдаланушыға ақшалай қаражатты қайтару міндеттері электрондық төлем жүйесінің провайдеріне жүктеледі.
  7. Дербес деректер және оларды пайдалану
    1. Пайдаланушы Әкімшіге тіркелген кезде берілген, сонымен қатар Пайдаланушы тіркелгеннен кейін Жеке кабинетінде берген Пайдаланушының немесе Түпкі тұтынушының дербес деректерін, атап айтқанда келесіледі өңдеуге өз келісімін береді:
      1. Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар олса);
      2. Суреті;
      3. Электрондық пошта мекен-жайы;
      4. Байланыс телефоны;
      5. Құжатты жеткізетін мекен-жай;
      6. Курс өту нәтижесі.
    2. Дербес деректерді өңдеу дербес деректерді жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды, пайдалануды, беруді (таратуды, ұсынуды, қол жеткізуді), тұлғасыздандыруды, бұғаттауды, кетіруді, жоюды білдіреді.
    3. Дербес деректерді өңдеу Әкімшінің Келісім бойынша Пайдаланушы алдындағы міндеттемелерді орындауы, Курсты пайдаланған кезде Пайдаланушыны немесе Түпкілікті тұтынушыны кері байланыспен қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ақпараттық және жарнамалық хабарламаларды тіркелген кезде Пайдаланушы көрсеткен электрондық пошта мекен-жайына жіберу мақсатында жүргізіледі.
    4. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеуді Әкімші деректер базасын пайдалана отырып, жүзеге асырады.
    5. Пайдаланушы Әкімшіге info@5qbe.kz электрондық мекен-жайына тиісті хабарлама жолдап кез келген уақытта дербес деректерін өңдеуге келісімін қайта шақырта алады.
    6. Платформа дербес деректердің жалпы қол жетімді көзі болып табылмайды. Дегенмен Пайдаланушы белгілі бір әрекеттерді жасағанда оның дербес деректері, оның ішінде Келісімнің 7.1.1 және 7.1.2 тармақтарында көрсетілгендер тұлғалардың белгісіз аясына қол жетімді болы ықтимал, оған Пайдаланушы осымен өз келесімін береді.
    7. Пайдаланушы Платформада тіркелу кезінде Пайдаланушы көрсеткен электрондық пошта мекен-жайына және байланыс телефонына Әкімшіден немесе Әкімшінің тапсырмасы бойынша өзге тұлғалардан ақпараттық таратылымдарды және жарнамалық материалдарды алуға өз келісімін береді. Пайдаланушы ақпараттық таратылымдар мен жарнамалық материалдарды алуға келісімін Әкімшіге info@5qbe.kz электрондық мекен-жайына тиісті хабарлама жолдау арқылы кез келген уақытта кері қайтарып ала алады. Мұндай хабарламаны алғаннан кейін Әкімші Пайдаланушы тіркеу кезінде көрсеткен электрондық пошта мекен-жайына жарнамалық материалдары бар хабарламаларды жіберуді тоқтатады.
    8. Пайдаланушы өзінің дербес деректерін өңдеу мақсатында Келісімнің 7.2-тармағында көзделгендей өтеусіз негізде Пайдаланушының (аватардың) фотосуреті ретінде өз бейнесін пайдалануға келісімін береді. Пайдаланушы Платформада пайдаланушының (аватардың) фотосуреті ретінде үшінші тұлғалардың суреттерін пайдалануда тартынуға міндеттенеді.
    9. Пайдаланушы электрондық пошта арқылы ақпараттық таратылымдарды алуға өз келісімін береді. Егер Пайдаланушы ешқандай ақпараттық таратылымдар алғысы келмесе, онда ол кез-келген уақытта Жеке кабинеттегі тиісті баптауларды өзгерте
  8. Жауапкершілік
    1. Пайдаланушы Келісімнің шарттарын, заңнаманы, мораль мен адамгершілік нормаларын немесе техникалық талаптарды бұзған жағдайда Әкімші Пайдаланушының Жеке кабинетін бұғаттауға немесе алып тастауға, Пайдаланушының Жеке кабинетін пайдалана отырып, Платформаның белгілі бір немесе барлық функцияларына қол жеткізуге тыйым салуға немесе шек қоюға құқылы.
    2. Келісімнің 8.1 тармағында көзделген жағдайларда Пайдаланушы үшін төленген курсқа қол жеткізу сақталады.
    3. Пайдаланушы Түпкі тұтынушылар болып табылмайтын үшінші тұлғаларға Жеке кабинетке қолжетімділік берген жағдайлар анықтағанда Әкімші өз таңдауы бойынша Келісімнің 8.1 тармағында көзделген шараларды қолданады. Бұл ретте Әкімші Пайдаланушының Жеке кабинетіне кіруіне, оның ішінде Пайдаланушының алдын ала төлеген ақшалай қаражатын қайтарусыз толық тыйым салуға құқылы.
    4. Пайдаланушыға төлемді бөліп төлеу (кейінге қалдыру) мүмкіндігі берілген жағдайда және соңғы төлем мерзімдерін бұзған жағдайда Әкімші Пайдаланушыдан мерзім бұзылған әрбір күн үшін кешіккен төлем сомасының 0,1% мөлшерінде өсімпұл төлеуді талап етуге құқылы. Пайдаланушы әкімшінің наразылығын (хабарламасын) алған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде өсімпұлды төлеуге міндетті.
    5. Егер Пайдаланушы келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Әкімші осы Келісімнің әрекетін Пайдаланушы бұрын онлайн-қолжетімділікті ұсыну үшін деректер жіберген электрондық пошта мекен-жайына осындай бас тарту туралы хабарламаны электрондық түрде жіберу арқылы, оны орындаудан біржақты соттан тыс бас тарту жолымен тоқтатуға құқылы. Осы Келісімнің әрекет күші Пайдаланушы тиісті хабарламаны алған күні немесе хабарламада көрсетілген мерзімде тоқтатылады. Осы Келісім Шотта көрсетілген Төлемдер кестесіне сәйкес төлем енгізілмеу себебінен тоқтатылғаннан кейін Әкімші онлайн-қол жеткізу төлемі енгізілмеген курстың құрамдас бөліктеріне (модульге) онлайн-кіруге рұқсат бермейді.
    6. Әкімші Платформаның жұмыс қабілеттілігі үшін жауап бермейді және оның үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік бермейді. Сондай-ақ, Әкімші Платформада орналастырылған ақпараттың сақталуына және Курстар мен басқа материалдарға үздіксіз қол жеткізу мүмкіндігіне кепілдік бермейді.
    7. Пайдаланушы Платформаны ол қандай түрде ұсынылса, сол түрде пайдаланады (as is). Әкімші Пайдаланушыға платформаны пайдалану салдарынан қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге кепілдік берме
  9. Ерекше шарттар
    1. Платформада Интернет желісіндегі басқа сайттарға сілтемелер болуы мүмкін (үшінші тараптардың сайттары). Әкімші көрсетілген үшінші тұлғалар мен олардың контентінің қандай да бір талаптарға (шынайылық, толықтық, заңдылық және т.б.) сәйкестігіне тексермейді. Әкімші Пайдаланушы платформаны пайдалану арқылы кіре алатын үшінші тұлғалардың сайттарында орналастырылған кез келген ақпарат, материалдар, оның ішінде үшінші тұлғалардың сайттарында айтылған кез келген пікірлер немесе тұжырымдамалар, жарнама және т. б. үшін, сондай-ақ осындай сайттардың немесе контенттің қолжетімділігі және оларды Пайдаланушының оларды пайдалануының салдары үшін жауап бермейді.
    2. Әкімші Платформаның Пайдаланушының талаптарына сәйкесетініне, Платформаға кіру үздіксіз, тез, сенімді және қатесіз берілетініне кепілдік бермейді. Пайдаланушының Платформаға және / немесе Онлайн-курстарға қол жеткізудің мүмкінсіздігіне әкеп соққан Әкімші тарапындағы да, Пайдаланушы тарапындағы да бағдарламалық-аппараттық қателер еңсерілмейтін күш мән-жайларына жатады және Келісім бойынша Әкімшінің міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатуға негіз болып табылады.
  10. Дауларды шешу тәртібі
    1. Келісімді орындауға, бұзуға немесе жарамсыз деп тануға байланысты туындауы ықтимал барлық дауларды, келіспеушіліктер мен наразылықтарды Тараптар келіссөздер жолымен шешуге тырысады. Наразылықтар және / немесе келіспеушіліктер туындаған Тарап екінші Тарапқа туындаған наразылықтарды және/немесе келіспеушіліктерді көрсете отырып хабарлама жолдайды.
    2. Егер хабарламаға жауапты хабарлама жіберген Тарап тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде алмаған болса немесе егер Тараптар туындаған наразылықтар және/немесе келіспеушіліктер бойынша келісімге келмесе, дау Әкімшінің орналасқан жері бойынша сот тәртібімен шешілуі тиіс.
    3. Егер курсты төленген болса, алайда төлеуші Тарап курсты толық емес немесе сипаттамаға сәйкес емес деп санаған жағдайда, бұл Тарап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде курсты сатып алу шығындарын өтеуді талап етуге құқылы. Өз кезегінде, өтеуші Тарап тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешікпеген мерзім ішінде сол төлем жасалған деректемелерге ақшалай қаражатты қайтаруды жүргізуге міндетті, немесе егер Тараптар туындаған наразылықтар және/немесе келіспеушіліктер бойынша келісімге келмесе, дау Әкімшінің орналасқан жері бойынша сот тәртібінде шешілуі
  11. Келісім шарттарын өзгерту
    1. Әкімші Келісімнің шарттарын біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы, бұл ретте мұндай өзгерістер Келісімнің жаңа нұсқасы жарияланған сәттен бастап 3 (үш) күн өткен соң күшіне енеді.
    2. Жеке кабинетті пайдалануды бастағанға дейін Платформаға әрбір келесі кірген сайын Пайдаланушы Келісімнің жаңа нұсқасымен танысуға міндеттенеді. Платформаны және Жеке Кабинетті пайдалануды жалғастыру Пайдаланушының Келісімнің жаңа нұсқасының шарттарымен келіскенін білдіреді.
    3. Егер Пайдаланушы Келісімнің жаңа нұсқасының шарттарына келіспеген болса ол платформаны пайдалануды тоқтатады.
  12. Қорытынды ереже
    1. Соттың Келісімнің қандай да бір ережесін жарамсыз немесе мәжбүрлі орындауға жатпайды деп тануы Келісімнің өзге ережелерінің жарамсыздығына әкеп соқпайды.
    2. Пайдаланушылардың әлдекімі Келісім ережелерін бұзған жағдайда Әкімші тарапынан әрекетсіздік Әкімшіні кейіннен өз мүдделерін қорғау және заңнамаға сәйкес қорғалатын Платформа материалдарына зияткерлік құқықтарды қорғау үшін тиісті әрекеттер жасау құқығынан айырмайды.
    3. Пайдаланушы Келісімнің барлық ережелерімен танысқанын, түсінетінін және оларды қабылдайтынын растайды

Пайдаланушы келісіміне 1 Қосымша Төлеу және ақшалай қаражатты қайтару ережелері

Осы ақшалай қаражатты төлеу және қайтару ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Келісім бойынша қызметтерге ақы төлеуге және Курстың төленген құнын қайтаруға байланысты Тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.

  1. Курстың ақырғы құны Пайдаланушы таңдаған курсты ескере отырып қалыптасады. Төлем Пайдаланушының таңдауы бойынша веб-сайтта көрсетілген тәсілдердің бірімен қолма-қол ақшасыз тәртіпте жүзеге асырылады.
  2. Төлем веб-сайтта жасалғанда төлемге VISA, MasterCard карталары қабылданады. Төлемдерді аудару Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің (бұдан әрі – төлем жүйелері) Ережелеріне сәйкес тексерудің, шифрлаудың және деректерді жабық байланыс арналары арқылы берудің заманауи әдістерін пайдалана отырып, төлем жасаудың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау принциптерінде жүргізіледі. Төлем жүйелері арқылы төлемді жүзеге асыру ережелері мен тәртібі мәселелері бойынша Әкімші тиісті төлем жүйелерінің ережелерін басшылыққа алады және түсініктемелер мен консультациялар алу үшін тиісті төлем жүйелерінің операторларына тікелей хабарласады.
  3. Visa немесе MasterCard банк картасымен төлеу үшін төлем әдісін таңдағанда «Банк картасымен төлеу» түймесін басу қажет және төлемді аяқтау үшін «Төлеу» түймесін басу қажет.
  4. Тапсырысты төлеу банк картасының деректемелерін енгізу үшін банктің қорғалған төлем бетіне қайта долданғаннан кейін жүзеге асырылады. Төлем парағымен қосылу және ақпаратты беру 3D Secure технологиясын пайдалана отырып қорғалған режимде жүзеге асырылады. Банк картасының деректерін енгізуге арналған бетте Пайдаланушы банк картасынң деректерін енгізуі қажет: карта нөмірі, карта иесінің аты, картаның жарамдылық мерзімі, үш таңбалы қауіпсіздік коды (Visa үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2). Барлық қажетті деректер картаның өзінде басылған. Үш таңбалы қауіпсіздік коды – бұл картаның сыртқы жағындағы үш цифр. Егер Пайдаланушы банкі MasterCard SecureCode, Verified by Visa интернет-төлемдерін қауіпсіз жүргізу технологиясын қолдайтын болса, онда төлем жүргізу үшін арнайы парольді енгізу қажет болуы мүмкін.
  5. Пайдаланушының банк картасының деректемелері Әкімшінің серверінде және/немесе веб-сайтта сақталмайды, Әкімшіде Пайдаланушының төлем деректемелеріне қол жеткізу мүмкіндігі болмайды. Пайдаланушы хабарлаған ақпараттың құпиялылығын, оның ішінде дербес деректер және төлем деректемелерімен қоса, Пайдаланушының банкі қамтамасыз етеді. Пайдаланушы енгізген ақпарат, төлем деректемелерін қоса, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға берілмейді.
  6. Төлем жасаудан банк келесі жағдайларда бас тартуы мүмкін:
    1. банк картасы интернет арқылы төлем жасауға арналмаған; Пайдаланушы ол туралы қызмет көрсететін банкке хабарласу арқылы біле алады;
    2. банк картасында төлеу үшін қаражат жеткіліксіз. Пайдаланушы банк картасында қаражаттың болуы туралы толығырақ банк картасын шығарған банкке хабарласып білуіне болады;
    3. банк картасының деректері дұрыс енгізілген жоқ;
    4. банк картасының жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Картаның жарамдылық мерзімі картаның беткі жағында (бұл картаның қолданылу мерзіміның айы мен жылы) көрсетіледі. Картаның жарамдылық мерзімі туралы толығырақ Пайдаланушы банк картасын шығарған банкке хабарласып білуіне болады.
  7. Пайдаланушы төлеген ақшалай қаражатты келесі жағдайларда қайтару мүмкін:
    1. Курстар Әкімшінің кінәсінен белгіленген мерзімде ұсынылмағанда;
    2. Пайдаланушы 14 күнтізбе күні ішінде Пайдаланушы таңдаған курсқа Әкімші онлайн қол жеткізуді ұсынғаннан кейін ақшаны қайтару туралы хабарламамен жүгінгенде.
  8. Әкімші Пайдаланушы төлеген ақшалай қаражатты толық немесе ішінара қайтаруды Әкімшінің info@5qbe.kz электрондық поштасына жіберілген Пайдаланушының жазбаша өтініші негізінде жүргізеді, бұл ретте кейіннен түпнұсқаны Әкімшінің пошталық мекен-жайына жолдайды: Қазақстан Республикасы, (050040) Алматы қ., Бостандық ауданы, Көктем-2 ықшам ауданы, 22 үй, 1 ғимарат. Әкімші Пайдаланушыдан ақшалай қаражатты қайтару туралы өтініштің бекітілген формасын толтыруды талап етуге құқылы.
  9. Егер Пайдаланушы таңдаған курсқа онлайн қол жеткізуді Әкімші ұсынғанға дейін курстан бас тартатын болса, онда Әкімші Пайдаланушыға төленген соманы 100% қайтарады.
  10. Егер Пайдаланушы төлемді бөліп төлеу арқылы төленген таңдаған курсқа онлайн қол жеткізуді Әкімші ұсынғаннан кейін Курстан бас тартатын болса, бұл жағдайда ақшалай қаражатты қайтару Курс бойынша пайдаланылған күндерге пропорционалды жүзеге асырылады және Курстың құрамдас бөліктеріне (Модульге) онлайын-қол жеткізу автоматты түрде өшіріледі.
  11. Егер Пайдаланушы Пайдаланушы таңдаған курсқа әкімші онлайн-қолжеткізуді берген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде Курстан бас тартқан жағдайда, Әкімші Пайдаланушыға төленген соманың 50% қайтарады.
  12. Бір мағынада түсіндіру мақсатында: Пайдаланушы төлемді бөліп төлеуді пайдалана отырып төленген Курстан бас тартқанда, қайтаруға арналған сома мен Әкімшінің шығыстары Әкімші Пайдаланушыға берілетін Курсты төлеу есебіне банктен алған ақша сомасынан есептеледі.
  13. Егер Пайдаланушы таңдаған курсқа онлайн-қол жеткізуді Әкімші ұсынған күннен бастап 30 күнтізбе күні өткен соң Пайдаланушы Курстан бас тартқан болса, онда бұл жағдайда, ақша қаражатын қайтару жүзеге асырылмайды.
  14. Ақшалай қаражатты қайтару Пайдаланушының өтінішін алған күннен бастап 30 күнге дейінгі мерзімде төлем жасалған шотқа жасалады (қайтарудың нақты мерзімі Пайдаланушының банк картасын шығарған банкке байланысты).
  15. Пайдаланушының төлем деректемелері өзгергенде, сол сияқты банк қызметтері кредит есебінен төленген жағдайда Пайдаланушы Өтінішінде ақшалай қаражатты қайтару үшін банк деректемелерін көрсетуге міндеттенеді. Пайдаланушы банк деректемелерін көрсетпеген жағдайда Әкімші Пайдаланушы қызметтерді төлегенде көрсеткен Пайдаланушының төлем деректемелері бойынша ақша қаражатын аударғаны үшін жауапкершілік алмайды.
  16. Курсқа қол жеткізу Әкімші Пайдаланушыдан ақшалай қаражатын қайтару туралы Өтініш алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тоқтаттылады.