ГлавнаяБлог

YouTube каналын жүргізуді қалай бастаған жөн: бастаушыларға арналған 5 кеңес

YouTube арнасын жылжыту сарапшысы Александр Мелентьев пен қысқа форматтағы Reels, Shorts және Тик-Ток каналының маманы Артур Магельдің креаторларға арналған пайдалы ұсыныстарымен бөлісеміз.

Видео – бұл бүгінгі таңда контент тұтынушылар арасындағы ең басты формат болып саналады, ал Қазақстан бойынша YouTube көрермендерінің саны 14 миллион адамды құрайды. Олар ай сайын платформада 1 миллиардқа жуық қаралым жасайды. Орта есеппен алғанда, қазақстандықтар, басқа әлеуметтік желілерді есептемегенде платформада күн сайын 1,5 сағат уақытын өткізеді.

5Qbe.kz платформасына арналған мастер классында Александр Мелентьев пен Артур Магель қысқа бейне форматтарының қаншалықты пайдалы екенін, сонымен қарай YouTube үшін танымал бейне роликті қалай түсіруге болатыны жайлы айтты.

Бірінші кеңес: өзіңізге лайықты форматты табыңыз

Қазақстандық Youtube-те еркін салалар көп. Сұхбаттар мен подскастар қазір ешкімді таң қалдырмайды, бірақ өз қалауыңыз бойынша танымал тақырыптарда сараптамалы контент, ток-шоулар және өз қалауыңызша көпшілікке танымал контент түсірсеңіз болады. Аспаздық, психологиялық немесе тарихи бейнелер түсіріңіз, тіпті зергерлік бұйымдар туралы блог жазыңыз, ең бастысы – басқа авторлардан көшірілмеген болсын.

Ютуб — бұл әрдайым зерттеу жүргізу жайлы. Егер ештеңе болмай жатса, контентті қайта шығарып, салып немесе тақырыбын ауыстырып, басқа жолын іздеп көру қажет. Жаңа мүмкіндіктерді көріңіз, ескі әдетті форматпен шектелмеңіз. Айтпақшы, аудиторияның кем дегенде 30% — ы білім беру тақырыбына қызығушылық танытады.

Екінші кеңес: көзқарасыңызды нығайтыңыз

Қазақстанда YouTube сайтындағы контенттің 60 пайызы қазақ тілінде. Платформаның алгоритмі оларды жақсы оқиды, ал ұсыныстарда қазақ тіліндегі роликтерді жоғары көтереді. Сонымен қатар, қазақ тілінде көптеген салалар бос және өз креаторларын күтуде.

YouTube трафигінің маңызды көзі — іздеу сұраулары, сондықтан әмбебап тақырыптар әртүрлі елдердің көрермендерін қызықтыруы мүмкін. Қазақстанда ТМД елдерінің аудиториясын монетизациялайтын бірнеше ютуберлер бар, ал олардың тақырыптары — косметологиядан бастап тарихқа дейін орын алады. Расында, жергілікті креаторлар ағылшын тілінде Қазақстан туралы әлі айтпайды және бұл сала бос.

Үшінші кеңес: жеке брендті дамытыңыз

Әлеуметтік желілер мен қысқа бейне форматтар YouTube арнасын кеңейтуге көмектеседі. Бастапқы кезеңде бейне хостинг алгоритмдері әлі қосылмағандықтан жарнаманың барлық нұсқалары маңызды. Сондай-ақ, YouTube әлеуметтік желілерден платформаға көшетін аудиторияны талдайды. Ең дұрысы – тұрақты көрермендер, сол себепті TikTok және Reels-та қысқа бейнелер түсірудің маңызы зор. Оларды Shorts – та қайта жүктеп, қосымша шығынсыз жаңа аудиторияны тарта аласыз.

Егер YouTube іздеу сұрауларына көбірек негізделген болса, ал TikTok пен Reels адамға тез қызығушылық таныту үшін, оған үнемі жаңа бейнелерді көрсетіп отырады.

Төртінші кеңес: қызықты контент жасаңыз

Аты шулы тақырып көрерменнің назарын тартады, бірақ олардың көңілін ұзақ уақытқа баурай алмайды. YouTube-тің басты көрсеткіші – көру ұзақтылығы: бейнені соңына/ортасына дейін қарады ма, әлде бас жағында өшіріп тастады ма. Алгоритм үшін көру уақыты — қаралым мен жазылушылар санынан да маңызды. Сонымен қатар, бейнебаян қаншалықты қызықты болса да, оған міндетті түрде тизер қажет.

Бесінші кеңес: бейнені алдын ала түсіріп, талдау жасаңыз

YouTube пен әлеуметтік желіде жетістікке жету үшін қойылатын ең маңызды шарт — тұрақтылық. Бірақ үздіксіз түсірілімнің әсерінен сіз жалығуыңыз мүмкін. Бұған жол бермеу үшін бір айдың 2-3 күнін бөліп, алдын-ала контент жасау. Ең дұрысы, бірнеше аптаға жететіндей бейне қорыңыз болғаны жөн, әсіресе қысқа роликтерді көбірек түсіруге тырысыңыз. Көрермендердің көзқарастарына, талғамдарына талдау жасап тұру маңызды, әйтпесе барлық жұмыс босқа кетеді.