ГлавнаяБлог

Digital Almaty форумы: 5Qbe платформасы не ұсынды?

Алматыда Digital Almaty халықаралық ірі технологиялық форумы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкіпірімен қоса, шетелдерден де стартаптар, банктер және IT-компаниялар қатысты. Іс-шараның биылғы тақырыбы адам капиталының дамуы мен жаппай дижитал жүйеге көшу болды. Іс-шара аясында Startup-аллея бар. Бұл алаңда 5Qbe платформасы да өнімін көпшілікке ұсынды. 

5Qbe – креаторларға арналған еліміздегі алғашқы платформа

5Qbe платформасы – креаторларға, яғни контент жасайтын авторларға арналған білім үйрететін және ойын-сауық платформасы. Платформа өкілдері форумға қатысқандарға платформа жайлы, оның мүмкіндіктері туралы айтып берді. Платформа туралы сұраған адамдарды мынадай үш топқа бөлуге болады:

  • платформа не туралы екенін білгісі келгендер;
  • курс сатып алғысы келгендер;
  • инфобизнесте жүрген, платформаға контент шығарғысы келген клиенттер.

5Qbe платформасының қандай артықшылығы бар?

  1. Бұл – білім үйрететін және ойын-сауық платформасы

Демек, онлайн-курстармен қоса, видеодан бастап, мақала жазуға дейінгі бірегей контент жариялауға болады. 

  1. Платформа қолданушыға өте ыңғайлы

Платформаның UX/UI дизайны өте әдемі әрі ыңғайлы. 

  1. Курс тегін жарияланады

Курс жариялау үшін ақы төлеудің қажеті жоқ. Платформа тек сатылған курстардан комиссия ұстайды.

  1. Ақша еліміздің банк картасына оңай аударылады

Ресей, ТМД елдері немесе АҚШ сервистерінде ақшаны картадан шығарып алу күрделірек. Өйткені сіз шетелден аударып жатсыз. Ал 5Qbe платформасында Қазақстандағы банк картасы реквизиттерін енгізсе болды, ақшаны еш қиындықсыз шығара аласыз.

Форумда платформаға кімдер қызықты?

5Qbe платформасы маркетиң менеджері Жамиля Ешен форумда креаторлар платформаға көбірек қызыққанын айтады. 

Бізге көбіне өзінің курсы бар адамдар келді. Олардың көбі блокчейн, бағдарламалау, UX/UI дизайн, бейелеу өнері сияқты курстары бар креаторлар платформамыз туралы сұрады. Оған қоса, әлеуметтік жоба авторлары да платформамызға қызықты. Олар қашықтағы қалалардағы және ауыл-аймақтағы балаларға IT, product сияқты дижитал мамандықтарды үйретеді. Сөйтіп балаларды тегін үйрететін курстар жариялайын платформа іздеп жүр. Біз оларға платформамыздың мүмкіндіктерін айтып бердік,

— дейді Жамиля Ешен. 

Форумда 4.0 индустрия көрмесі мен Astana Hub Battle, технологиялық марафон, стартаптар көрмесі және Digital Almaty Awards-тың IT-сыйлық беру рәсімі де өтті.

Фотоларды Роман Лукьянчиков түсірген