ГлавнаяБлог

5Qbe платформасында креаторларға арналған қандай артықшылықтары бар?

Жақында Алматыда платформамыздың тұсаукесері өтті, онда жеткен нәтижелерімізбен және алдымызға қойған жоспарларымызбен бөлістік. Осы уақытқа дейін не істегенімізді және немен айналысып жатқанымызды қазір айтып береміз.

Біздің жобамыз сынамалы түрде өткен жазда іске қосылды. Ал қазіргі таңда сайтымызда 30-ға жуық онлайн курстары қол жетімді. Бұл дегеніміз — біліми контент платформасының алғашқы креаторы Dar U университеті тарапынан, сонымен қатар сұранысқа ие болған Алишер Елікбаевтың PR, коммуникация курстары және атақты телепродюсер Серік Акишев мырзаның видеоблогингі.

Платформа тұтынушылары қазірдің өзінде 204 канал құрған, ал 33 креаторымыз 5Qbe платформасына салу үшін білім беретін контент түсіруде. Оффлайн мектептері де онлайн монетизациясының жаңа мүмкіндіктерін көріп, платформаға қызығушылық танытып жатыр.

5Qbe-де контент-мейкерлері өз арнасында курстарын сатып, нақты сатудан кіріс алып отырады,  сонымен қатар кез келген уақытта аналитиканы бақылап, тапқан ақшаны картаға шығарып ала алады. Курстардан басқа, жақын арада платформада ойын-сауық контенті енгізілуде, бұл авторлар үшін жаңа мүмкіндіктердің пайда болатынын білдіреді. 

Біз жаңа контент-мейкерлерді іздеудеміз және контенттен ақша табуын ыңғайлатып, жеңілдету үшін функционалды үнемі жақсартып отырамыз. Егер Сіз онлайн курсыңызды монетизациялау үшін сайт іздеп жүрсеңіз, тарифтер мен каналыңызды құруға арналған бейне нұсқауларын қарауды ұсынамыз.