ГлавнаяБлог

SMM және Digital marketing: жаңа трендтер қандай?

2023 жылы SMM мен маркетиң саласында видеоконтент, әр қолданушыға жеке-дара ұсыныс жасау, коллаборация, геймификация және тағы басқасы трендте болады. Аудиторияны азайтып алмас үшін олардың қалауын алдын ала біліп, жазылушыларды әңгімеге тартып отыру қажет. Бүгін биылғы трендтер туралы айтамыз. 

Видеоконтент

TikTok пайда болғалы видеоконтент трендке енді. Бұл әлеуметтік желі тұтынушыларға қатты ықпал етіп, аудиторияны қысқа видеоға үйретіп тастады. Оны Instagram да іліп әкетіп, Reels форматын ойлап тапты. 

Қысқа видеороликтер таргеттің орнын алмастыра алады. Бұл – “тірі” жазылушылар жинаудың ең тиімді әдісі. Жазылушы видеоны кез келген жерде көре алады, әрі ол уақыт алмайды. 

Сценарий, түсірілім мен монтаж сауатты болса, ролик форматы адамның көңілін көтеріп қана қоймай, тауар мен өнім сатады. Қысқаметражды контентті көптеп жариялау – 2023 жылғы тенденция. 

Видеоның контенті шолу, қалжың, нұсқау, кеңес/лайфхак бағытында болуы мүмкін. Маңыздысы сол, мұндай видеоны біреуге жасатып алса болады. Қазір кәсіби видеопродакшндармен қоса, креаторларға да сұраныс көп.

Жеке-дара ұсыныс

Енді жазылушылар өнімді жаппай қолданғысы келмейді. Оларға тек өзіне арналған жеке-дара ұсыныс керек. 

Аудиторияның орташа портретін жасау енді аздық етеді. Нақты бір адамның қажеттігін зерттеп, талдап, өнімді желіде соның көңілінен шығатындай етіп дайындау керек. Жеке-дара ұсыныс барлық жерде білініп тұруға тиіс: контентте, бренд даусында, сілтемелерде, БАҚ-тағы жарнамада және тағы басқасында. 

Әсіресе, бұл тренд онлайн білім алатындар арасында танымал. 

Коллаборация

Коллаборация – бірнеше серіктестің ресурсы бірігіп, тауар, контент, өнер туындысы сияқты жаңа бір өнімді шығару. Коллаборация кезінде мынаны ескеру керек:

  • Бренд құндылығы. Серіктестердің мақсаты ғана емес, құндылығы да сай болуы керек.
  • Аудиторияның қызығушылығы. “Өзім солай ойлаймын” дегенге емес, аудиторияның қалауын зерттеп, нәтижеге сүйен.
  • Трендтер. Әлемдегі және жергілікті трендтерді ескер. 

Инфосебеп

Инфосебеп – мақсатты аудиторияның назарын аудартатын маңызды ақпарат немесе оқиға. 

Компаниялар мен эксперттер инфосебепті өзі ойлап тауып, оған өзі бастамашы болуы керек. Инфосебеп әртүрлі бола береді: жаңа өнімді іске қосу, компанияның туған күні, белгілі брендтермен коллаборация жасау, эксперттің ірі форумға қатысуы және тағы басқа. Бастысы, жеке бренд иесі өзі жайлы, өнім туралы, асығы алшысынан түскен сәт пен аяғы аспаннан келген кезді айта беруі керек. 

Геймификация

Брендтер бара-бара тұтынушылар назарын ойын арқылы алып қалуға тырысып жатыр. Геймификация — жұмыс процесіне ойын элементтерін енгізу. Геймификация арқылы компаниялар сатылымды көбейтіп, ниеттестікті күшейтеді әрі клиентті ұстап қалады. Ал ең бастысы, бұл тәсіл аудитория тартуға аса тиімді. Өйткені адамдар ойын десе, кірісе кетеді. 

Геймификацияның негізгі элементтері – статус, тегін тауар, жаңа өнім. Мысалы, білім беру жобаларында адамдарға тегін немесе арзанырақ өнім ұсына отырып, оларға кураторды немесе курс бағдарламасын таныстыруға болады. Көбіне квест немесе марафон форматында болады. Қатысушылар жеңіл тапсырма орындап, жеңілдік, сыйлық ұтып алады. Бұл ұтыс әрі қарай сол жобаның өнімдерін сатып алуға көмектеседі. 

SMM және Digital marketing” курсын онлайн да оқуға болады. Белгілі PR-менеджер әрі блогер Әлішер Елікбаев 5Q.kz платформасына арнап осындай курс жасады. Курсты оқитын адам әлеуметтік желіге арналған қызық контент дайындауды, әлеуметтік медиаға арналған пиар-жобаларды біліп шығды. Оған қоса, Yоutube платформасына видеоролик әзірлеп, жүктеуді және беделді тұлғалармен қалай жұмыс істеу керек екенін үйренеді.

Басты фото: barokahselalu777/Freepik