ГлавнаяБлог

“Мен жылдам өсу дегенді құптамаймын”: Әлішер Елікбаевтың жеке брендке қатысты кеңестері

Танымал блогер әрі 5Qbe платформасының креаторы Әлішер Елікбаевпен Алматы қаласында ашық кездесу өтті.  Кездесуде жеке брендті қалай дамыту керек екендігін айтып қоймай, өз басынан өткізген тәжірибелерімен бөлісті. 

Қазіргі дәрежеге жетуіме 25 жыл уақыт кетті. Осы жылдар ішінде еңбегімнің жемісін көріп, талай жетістікке жеттім. Басты ұстанымым – оқырман санын өсіруге емес, сапасын арттыруға күш салдым. 224 мың оқырманыммен тығыз байланыстамын, басқа блогерлер менің оларға үнемі жауап қайтарып отыруға тырысатыныма қарап, үнемі таңғалады. 

Кәсіби маман болыңыз. Егер бәрін дұрыс істесеңіз, нарық түптің түбінде сізге қарай бет бұрады.

Жасым отызға келгенше нарықта елеусіз болдым. Түрлі конференция, кездесуге баратынмын. “Facebook-те аудитория мықты, блог платформамды ашамын. Маған бір назар салсаңыз” деп сұраныс тастайтынмын. Араға бірнеше жыл салғаннан кейін ғана мені басқалар байқап, компаниялар қызығушылық таныта бастады. Осылайша әлем назарын өзіме тарта бастадым. Бұл — қалыпты жағдай, уақытты жүйелі өткізгеннің нәтижесі. 

16 жасымнан бастап, 30-ға келгенше ақпарат саласын меңгердім, тыншымай іздендім. Сөйтіп отыздан асқанда барып танымал бола бастадым. Қазір жасым 42-де. Осы аралықтағы 12 жыл бойы ақпарат кеңістігіндемін, әйтсе де, оқырмандарымды алдап, адам санын көбейту деген ой мүлдем келмепті. Егер хайп жасап көбейтіп алсам, осынша адам 3-4 жыл бойы тұрар ма еді?  

Әлішер Елікбаевтың барлық курстары 5Qbe платформасында

Кейінгі рет өскені 226 мың оқырман болған. Одан соң қайтадан 224 мыңға түсті. Оқырманға деген адалдық керек. Әлдебір көлікті айдап жүргенім үшін ғана оқығанын қаламаймын. Мысалы мен парақшамда көлігім туралы жарқыратып айтпаймын, әйеліме де әшекейлер сатып алып беріп, оны жарнамаға келісіп жатқан жоқпын. Оқырманның білетіні – Qazaq Republic. Оларды нарыққа енді қадам басқан кезден бері қолдап келемін. Отандық өндірушілерге қолдауға әрдайым әзірмін. 

Күткеннен де көп нәрсе беруге тырысу керек 

Егер әлдебір кездесуге келісіп, жағдайыңызды ескертпестен бармай қалсаңыз, жұрт оны күндердің күнінде естиді. Келіссөз жасасқанда клиентпен соңына дейін саудаласамын. Мойныма аз міндеп алып, бірақ соңында ол күткеннен де көбірек жасаймын. Жұрт менің осы қасиетімді бағалайды.

Мәселен, сіздің басқан лайкыңыз біреуге аса маңызды болуы мүмкін. Оқырмандарымның жазған хаттарын оқып тұратынымды айттым. Шама келсе, жауап беруге тырысамын. Кейде көңіл қалатын да, алданып қалатын да кездер болады. Бірақ есесіне шабыттандыратын оқырманым көбірек. АҚШ-қа сапарлатым барғанымда шағын қалалардың өзінде мені оқитындар бар екен. Қонақ қылып, етке шақырды. Міне, осындай жақсы адамдар үшін жайсыз жағдайларды елемеуге тырысамын.