ГлавнаяБлог

Копирайтер болу үшін не істеу қажет?

Қазір – онлайн-контент пен әлеуметтік желі уақыты. Сайт материалының, әлеуметтік желідегі пост пен мессенжердегі хабарламаның ең жақсысына адамның зейіні ауып, оның көзқарасы мен таңдауына әсер етуі мүмкін. Мықты мәтін көптеген мәселені, соның ішінде бизнес мәселесін де шешеді. Ал ондай мәтінді копирайтерлер жазады. 

Копирайтиңді қалай бастау керек екенін DAR компаниясының “Біліміңді монетизация жаса” деген байқауының финалисі Ассоль Хасанаева айтып берді. Ол байқаудан 1 миллион теңге ұтып алып, копирайтиң бойынша онлайн-курс жасап шықты. Ассоль Хасанаеваның жарнама саласында істеп жүргеніне 25 жыл болды. 

Бизнеске копирайтерлер не керек?

Копирайтерді коммерциялық жазушы деп атауға да болады. Оның міндеті – оқырмандармен сенімді қарым-қатынас орнату, бренд атағын асқақтатып, оның сатылымын арттыру. 

Копирайтер әлеуметтік желіге пост жазу, блогқа арналған мақала, жарнама матриалдарын, слогандар, тауардың сипаттамасы мен интернет-дүкенге қызмет ұсыну сияқты авторлық мәтін контентін жасайды. Мәтін түсінікті әрі қызық болуы керек. Оны оқыған тұтынушы тауарды сатып алғысы келіп немесе кез келген басқа әрекет етуі қажет. 

Мықты мәтін критерийлері қандай?

Ассольдің айтуынша, мәтін деген – негіз. Бизнесті ілгерілету мен жеке бренд қалыптастыру сияқты кез келген жоба мәтіннен басталады. Оның форматы мен құрылымы мәтін жазғандағы мақсатқа байланысты. Дегенмен кез келген әңгіме мынадай бірнеше әмбебап құрылымнан тұрады:

  • оқырманға пайдасы;
  • түсінікті болуы;
  • ойдың байланысы болуы;
  • ұсынылуы қызық болуы;
  • бір абзац бір ойды айтуы.

Мәтіннің безендірілуі, яғни аралық қойылуы, абзацтар мен тыныс белгілері маңызды. Кейбір қатені арнайы боттар түзеп бере алады. Мәтін іздеу жүйелеріне бейімделуі қажет. Сондықтан SEO туралы аз-маз білім артық етпейді. Копирайтерге контент жасау үшін көптеген материал оқуына тура келеді. Ал ең жақсысы – мәтінді өзің жазып шығу. 

Копирайтерге керек негізгі машықтар: 

  • сауат;
  • креатив; 
  • ақпарат таба алу;
  • жылдам жазу. 

Копирайтер – нағыз шығармашылық мамандық, сөйте тұра аналитикалық және логикалық тәсілдер қолданады. Мұндай маман байланыс жасап, мәтіннің жаңа қырын аша алады. Сөйтіп брендке бизнес-сұрақты креатив тұрғыда шешуді ұсынады,  

– дейді Ассоль Хасанаева.

Копирайтердің табысы оның білігі мен тәжірибесіне, сауаты мен жауапкершілігіне және креативі мен жұмыс істеу қабілетіне байланысты. Карьераны енді бастағанда қаламақы көп болмайды. Дегенмен ірі компанияларда копирайтер болу тұрақты әрі бәсекеге түсе алатындай табыс әкеледі. 

Копирайтиңді қайдан үйренуге болады? 

Ойды анық әрі түсінікті жеткізу – уақыт өте дамитын машық. Ол сөйлеуді жақсартып, логикалық ойлауды дамытады. Сіз анық әрі құрылымды ойлауды үйренесіз. Ассольдің айтуынша, бұл машық қазіргі уақытта кез келген адамға керек. Оның қай салада немен айналысатыны маңызды емес. 

Ассоль DAR компаниясы ұйымдастырған байқаудың арқасында копирайтиңді үйрететін онлайн-курс жазып шықты. 

Әуелі, қысқа да нұсқа жазып үйрену керек. Оны курсымда үйретемін. Барлық сабақтың практикалық жағы бар. Оқу аяқталған соң оған қатысқандарға мақсатына қадам-қадаммен жетуге арналған дайын нұрсқаулық беріледі,

– дейді Ассоль. 

Курс копирайтиң бойынша бастапқы, негізгі білімді үйретеді. Ол 10 видеосабақтан тұрады. Оған қоса, дайын үлгілер мен чек-листер бар, жұмыс техникасы мен кері байланыс болады. 

Ассоль онлайн-курста назар аудартатын тақырыпты қалай қою керек екенін, контент жоспарын қалай дайындауды, мақсатты аудитория мен бәсекелестерді қалай анализдеп, бірегей сауда ұсынысын жасауды айтып береді. 

Курс карьерасын енді бастап жатқан маркетологтарға, копирайтерлерге, кәсіпкерлер мен блогерлерге арналған. 5Q.kz платформасында жарияланды.